28.11.2025
JASTAR CUP II» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ!
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен 2025 жылдың 28 қарашасында Қызылорда қаласында орналасқан «Евразия» спорт кешенінде жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері арасында тартысты әрі жоғары деңгейде өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті!
28.11.2025
САЛАУАТТЫ ӨМІР!
Бүгін 25 қараша 2025 жылы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-інің Астана қалалық филиалы, ұйымдастырылған «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» арнайы әлеуметтік жобасы шеңберінде, А.Н.ГУМЕЛЕВ атындағы ЕЕВРАЗЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ спорт кешенінде студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті спорт іс- шарасы өткізілді.
28.11.2025
ЖОБА АЯСЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Бүгін «ЖАҢАРУ» РҚБ - нің төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев «Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» әлеуметтік жобасының аясында 2025 жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды есеп берді. Презентация онлайн түрде ZOOM форматында өтті.
27.11.2025
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАЙЫҚ!
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымының негізі» атты жобасы аясында Атырау облысының жастарына жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
27.11.2025
Жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс оқылды
2025 жылғы 27 қарашада "ЖАҢАРУ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес РҚБ-і, Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі , жоба лекторы Ажиниязов А.А.,ұйымдастыруымен комплаенс-офицер Р.Е.Суғралиннің қатысуымен Ақтөбе қаласындағы № 4 емханада студенттер жастардың қатысуымен дәріс оқыды.
27.11.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру
6 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында Қарағанды индустриялық университетінде студенттер үшін «Цифрлық технологиялар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: халықаралық тәжірибе және Қазақстан практикасы» тақырыбында ерекше дәріс өтті.
27.11.2025
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ
24.11.2025
Тараз қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінде» бүгін болып балалардың әлеуметтік – тұрмыстық, оқу – тәрбиелік жағдайымен танысып, әңгімелесіп , өздерімен ашық сынып сағатын өткізіп, сырласып қайттық. Жасөспірімдердің жатақханасын, асханасын, оқу, демалу орындарын көріп, мекеменің барлық жерінде тазалық пен тәртіп орнағанына риза болғанымызды жасыра алмаймыз. Бұл «қиын» балалардың тазалыққа, салауатты өмірге, тіпті тәртіпке өздерінің қызығушылық танытып жатқандары көңілге қонымды. Ол үшін мектеп директоры Нұртас Құсаиновқа, мектеп мұғалімдеріне, барлық қызметкерлеріне, әсіресе бас психологіне алғыс айтамыз.
25.11.2025
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ДӘРІПТЕУ
Ақтау қаласында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында "ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы және "Әкелер одағы" РҚБ МОФ ұйымдастыруымен мектептерде оқитын оқушылар әкелері арасында волейбол ойындарынан жолдастық кездесу турнирі өтті.
25.11.2025
«Қарағанды индустриалық университетінің» «ЖАҢАРУ» РҚБ -гі Қарағанды филиалының жанында «Smart Compliance: Заң мен тәртіп» инновациялық орталығының ашылу салтанаты өтті
24.11.2025
«Қарағанды индустриалық университеті» КеАҚ «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-не қарасты Қарағанды филиалының жанында «Smart Compliance: Заң мен тәртіп» инновациялық орталығының ашылу салтанаты өтті.
25.11.2025
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында Жоғары мектептер мен Жоғары колледж білім алушылар арасында волейболдан турнир спорт шарасы өтті.
