25.02.2026
СӨНБЕС РУХ - ҰМЫТЫЛМАС ЕСІМ
Бүгін, 2026 жылғы 25 ақпанда қазақтың біртуар перзенті, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері, аса көрнекті ақын, жазушы, драматург, публицист Сәкен Сейфуллинді еске алу шарасы болды.
Еске алу шарасы елордамыз - Астана қаласында орналасқан Қазақстанның әдеби-мәдени тарихында елеулі орны бар мемлекеттік музейі жанында өтті.
Еске алу күніне «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің құрметті төрағасы, қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы, «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК директоры А.Қалыбаев, Р.Асылбекова, С.Тұрғынбекұлы, Н.Жолбарыс, Д.Кәп, Б.Сахария, Бағдат Сейфуллина, Алтай Қарпықұлы, А.Әбіш, Оспан Сүлейменұлы, Әмина Алтайқызы, Гүлдерай Майқанова, сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы қатысты.
Еске алу шарасын Абсеметов Марат Оралбайұлы ашты. Гүл шоғын қою рәсімін С.Сейфуллин музейінің құрметті алғашқы директоры Асылбекова Роза Иманғалиқызы мен «АЛАШ» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлына табысталды.
Шақырылған қонақтар өз сөздерінде Сәкенді ақын, жазушы, композитор, саясаткер ретінде еске алып, естеліктермен бөлісті. Сәкен Сейфуллин музейі - тек әдеби-тарихи орталық қана емес, ұлттық рух пен санаға, мәдени тұтастыққа бағытталған ғылыми-ағартушылық мекеме ретінде еліміздің рухани кеңістігінде маңызды орын алады.
Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіккен Қазақ еліне Сәкеннің үздік үлгісі, өрелі өнегесі мәңгілік болмақ.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі