Әлеуметтік жоба
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі»
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫН ЕНГІЗУДІ ЖЕДЕЛДЕТУ БОЙЫНША ҮШІНШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӨТЕТІН АЙМАҚТЫҚ ПЛАТФОРМАНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН КОФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласында 2026 жылғы 12-13 қараша күндері өткен конференцияға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев қатысып «Азаматтық қоғам тұрғысынан БҰҰ СЖҚК жүзеге асыруды шолудың 1-ші циклінің ұсынымдарын іске асыру барысын қарау» тақырыбында баяндама жасады.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
2026 жылғы 12 қарашада «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында студенттерге арналған қонақ дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бірлескен бастамасымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында өткізілді.
АДАЛДЫҚ АЛАҢДА ШЫҢДАЛАДЫ. ПАВЛОДАРДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
2026 жылғы 4 қарашада Павлодар ауданының Заря ауылында толық көлемді футбол алаңында жастардың басын қосқан спорттық шара өтті. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының бастамасымен «Жастардың құқықтық тәрбиесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
