10.10.2026
Құрметті Ақсерік Сарыұлы!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз – білім мен ғылым жолында аянбай еңбек етіп, ұжымға бағыт-бағдар беріп келе жатқан білікті басшы, парасатты тұлғасыз. Сіздің басшылығыңызбен филиалымыз жаңа белестерді бағындырып, абыройы арта түсуде.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілеймін. Әр бастамаңыз сәтті болып, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!
Ізгі тілекпен,
Төраға М.СЕМҒАЛИЕВ
