25.02.2026
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – СЕНІММЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ» АТТЫ СҰХБАТТАСУ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалдарының директоры Досалиев Қанатбек Балтабекұлының бастамасымен «Жаңа Конституция – сенімен дамудың жаңа бағыты» атты мемлекеттік органдар өкілдерімен заңгерлердің қатысуымен сұхбаттасу дөңгелек үстелі өтті.
Заңгерлер Конституцияның жаңартылған басымдықтарына көңіл аударып, азаматтардың құқықтарын қорғау, әсіресе Адвокатура мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту қорғану құқығының кепілдіктерін күшейтуге және сот төрелігі жүйесінде заң көмегінің рөлін арттыруға бағытталғанын талдап, әділеттілікті нығайту және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне тоқталды. Жиынға бас спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Сәуле Жақсыбековна, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Бектай Нұрқазы қатысып, өз ой пікірлерімен алмасып кеңестерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының кеңесшісі Мыңбай Әл-Фараби сөз сөйлеп, конституциялық реформа жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол жаңа реформаны қолдауға шақырды.
Баяндамалар барысында жаңа Конституциядағы өзгерістер кеңінен талқыланып, әсіресе сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға ерекше мән берілді
Жиын барысында заңгерлер қазіргі жоба ретінде ұсынылып отырған жаңа Конституция туралы өз ойларын айтып, қолдайтындықтарын жеткізді.
Себебі жаңа Конституция – болашаққа бастар бағдар, сенім мен тұрақты дамудың берік іргетасы.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі