
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» атты форсайт сессия өтті.
Форсайт сессияға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының директорлары (онлайн), «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы филиалының кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, ЖОО өкілдері қатысты.«Жалпы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Форсайт сессияның мақсаты- мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің болашақтағы ортақ пайымын және азаматтық қоғамды дамыту жолдарын құру, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау. Бүгінгі форсайт сессияда баяндамалардағы кейстерден жақсы талқылау болады деп үміттенеміз», - деді алғы сөзінде секциялық мәжіліс модераторы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Саламат Идрисов.
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтсе, 5 спикер тақырып төңірегінде өзекті мәселелерді талқылады.
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев қорытынды сөзінде: «Билік қоғамнан сескенбеуі, ал қоғам билікке сенуі керек. Осы мәселеде азаматтар өз деңгейінде жүйелі жұмыстар атқарып, қоғамдық бақылауды күшейтуге тиісті. Атырау университеті ректоры Саламат Идрисовтың бастамасымен университетте ашылған «Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығы» кейіннен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жалғасын тапты. Тағы бір айта кетерлік жайт, жоғары оқу орындарда жемқорлыққа қарсы білім беру деңгейін көтеру мәселесі тұр. Осы екі мәселе шешімін тапса, 4-5 жылда-ақ жүйелі нәтижесін береді»,- деп Атырау университетінің игі бастамасын атап өтті.
Сессия соңында студент жастардың құқықтық сауаттылығын ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі заң жобаларын талқылауға белсенді қатысу, сатып алу жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ, құқықтық-әлеуметтік-экономикалық аспектілерге қол жеткізуге бағыттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамды жандандыруға бағытталған бастамаларды қолдау, адалдықты тексеру сынды іргелі ұсынымдар айтылды.
“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі

















