«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» атты форсайт сессия өтті.

  • ЖАҢАРУ
  • Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» атты форсайт сессия өтті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» атты форсайт сессия өтті. 14.02.2025

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» атты форсайт сессия өтті.

Форсайт сессияға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының директорлары (онлайн), «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы филиалының кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, ЖОО өкілдері қатысты.

«Жалпы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Форсайт сессияның мақсаты- мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің болашақтағы ортақ пайымын және азаматтық қоғамды дамыту жолдарын құру, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау. Бүгінгі форсайт сессияда баяндамалардағы кейстерден жақсы талқылау болады деп үміттенеміз», - деді алғы сөзінде секциялық мәжіліс модераторы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Саламат Идрисов.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтсе, 5 спикер тақырып төңірегінде өзекті мәселелерді талқылады.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев қорытынды сөзінде: «Билік қоғамнан сескенбеуі, ал қоғам билікке сенуі керек. Осы мәселеде азаматтар өз деңгейінде жүйелі жұмыстар атқарып, қоғамдық бақылауды күшейтуге тиісті. Атырау университеті ректоры Саламат Идрисовтың бастамасымен университетте ашылған «Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығы» кейіннен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жалғасын тапты. Тағы бір айта кетерлік жайт, жоғары оқу орындарда жемқорлыққа қарсы білім беру деңгейін көтеру мәселесі тұр. Осы екі мәселе шешімін тапса, 4-5 жылда-ақ жүйелі нәтижесін береді»,- деп Атырау университетінің игі бастамасын атап өтті.

Сессия соңында студент жастардың құқықтық сауаттылығын ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі заң жобаларын талқылауға белсенді қатысу, сатып алу жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ, құқықтық-әлеуметтік-экономикалық аспектілерге қол жеткізуге бағыттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамды жандандыруға бағытталған бастамаларды қолдау, адалдықты тексеру сынды іргелі ұсынымдар айтылды.

“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі

480065360_1180093920201726_2821812378464190713_n.jpg

480218577_1180093653535086_613860162959864908_n.jpg

480195718_1180093723535079_6928349827068268733_n.jpg

480174452_1180093966868388_2239223760733822480_n.jpg

480171096_1180093623535089_826990710147870316_n.jpg

480174452_1180093966868388_2239223760733822480_n.jpg

480171096_1180093623535089_826990710147870316_n.jpg

480168629_1180093560201762_4663350149055308470_n.jpg

480097488_1180093870201731_4025710151139517419_n.jpg

480108221_1180093816868403_6695336749422501527_n.jpg

479185745_1180093540201764_3467686483811365345_n.jpg

479191932_1180093793535072_3673018434820301082_n.jpg

477707132_1180092386868546_471702265552952571_n.jpg

477805777_1180092356868549_1480656012744480907_n.jpg

479674365_1180092393535212_8123197714842131069_n.jpg

480225243_1180092413535210_8632061912527944714_n.jpg

480238595_1180092406868544_8314419544693441235_n.jpg

479183982_1180093750201743_6941610817991652574_n.jpg

Тізімге оралу