
Құрметті «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні Әз - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз - халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртатын, бірлікті нығайтатын, қуаныш пен ізгілікті көксейтін мейрам. Бұл күні табиғатта, адамдар да жаңарады, жаңаша серпін мен күш алып, өмірдің жаңа парақтарын ашады.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке және толайым табыс тілеймін! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш сыйласын!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен,
Төраға М. Семғалиев