Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Азаматтарға қорған, қамқор болу

 Азаматтарға қорған, қамқор болу 30.10.2023

Азаматтарға қорған, қамқор болу

Бүгін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Астана қалалық филиалы «ЖАС ҚЫРАН» жастар қанаты мүшелері, Астана Полиция Департаментімен бірлесіп, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY біртоп студенттері, Астана қаласындағы Арнайы полиция участогіндегі "Сервистік модельдік орталығы" халыққа көрсетіліп жатырған жұмыстарымен экскурциялық таныстыру өткізілді. 

Департамент полиции Астана (12).jpeg

Департамент полиции Астана (1).jpeg

Департамент полиции Астана (3).jpeg

Департамент полиции Астана (2).jpeg

Департамент полиции Астана (10).jpeg

Департамент полиции Астана (11).jpeg

  Астана қаласындағы Арнайы полиция участогі "Сервистік модельдік орталығы" қызметкерлері студентеге, ең бастысы Полиция қызметкерінің қазіргі ұстамы - Қазақстан Полициясы Азаматтарға қорған, қамқор болу, - деп таныстыруды бостады полиция подполковникгі Қайрат Тілепов. 
  Участокте қала тұрғындарына, қазіргі тұрмыстық жағдайға жақын талаптарына сәйкестірілген, жас өспірімдерге арнай жабдықталған психология қабылдау,   олардың арыз шағымын тіркеу процестерімен таныстырылды.
  Сондай-ақ соңғы 2-3 жыл ішінде полиция қызметкерлері тек қылмыстық, әкімшілік заң бұзушы әрекеттермен емес, басқада тұрмыстық жағдайлар - жұмысқа орналасу, тұрғын үй, коммуналдық шаруаларды үйлестіру, түрлі куәліктер алу мемлекеттік қызметі процессінің тәртібін, іс жүзінде көрсетіп, толық баяндап түсіндірді. 
  Полиция участогінің "Сервистік модельдік орталығы" қызметі "Жедел басқару орталығымен", "Азаматтарға арналған үкімет" орталығымен видеокамералар арқылы жабдықталып, үнемі байланыста екені іс жүзінде көрсетілді.   
  Орталықта, Қазақстан азаматына қызмет көрсету процесі барынша автоматтандырылған.   
  Жедел қызмет көрсету процестері, бірнеше камера арқылы үнемі бейнебақылау жүргізілуде.   
  Аталмыш іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына сенімін деңгейін арттыру, оларды құқық қорғау органдары жұмысымен кеңірек таныстыру, полиция қызметіне деген қызығушылығын тудыру мақсатында «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.   

Бұл жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" қолдауымен жүзеге асырылуда.   
  "Сервистік модель" аясында полиция қызметкерлерінің халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуін дамытуына бағытталған. 
  Өзара іс-қимылдың осы модельдерін қолдану жергілікті жерлерде полиция жұмысының сапасын арттыруға және Ішкі істер органдарын реформалау бойынша қойылған міндеттер шеңберінде Қазақстан азаматтарына неғұрлым тиімді қол жеткізуге ықпал ету.   
  Іс-шараға:
  - «ЖАҢАРУ» РҚБ Төраға орынбасары, Астана қалалық филиалы Директоры  Даулеткерей Рахметоллаұлы;
  - Астана қаласы Жергілікті полициясы бөлім басшысы Қайрат Тілепов;
  - «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппарат жетекшісі Қабдолла Әлиев және басқа да жауапты полиция қызметкерлері қатысты.

Департамент полиции Астана (8).jpeg

Департамент полиции Астана (4).jpeg

Департамент полиции Астана (5).jpeg

Департамент полиции Астана (7).jpeg


  Шара барысында студент жастар Астана қаласы Полиция Департаментіннің Алматы ауданы "Сервис модельдік орталығы", жалпы Ішкі істер органы қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған патрульдік полиция жасақтарының нұсқамасын көріп, танысып, олар үшін полиция қызметкерлерінің арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықталуы және заманауи үлгіде арнайы техникалық жабдықталған көрмесі ұйымдастырылып, қылмысты тез арада іздестіру, ашу, алдын алудың тәсілдері жастар тарапынан аса қызығушылық тудырды. 


Возврат к списку