26.11.2026
«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін ата-аналар қауымымен талқылау»
2026 жылғы 24 қарашада Қорғалжын кентіндегі Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін ата-аналар қауымымен талқылау» атты кездесу өтті.
Кездесу «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» әлеуметтік жобасы аясында «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін ата-аналар қауымымен талқылау» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараға оқушылардың ата-аналары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі, сондай-ақ отбасында адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры Плюснин И.Г. сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды отбасынан бастау қажеттігін атап өтіп, ата-аналарға практикалық ұсынымдар берді.
Кездесу өзінің алдына қойған мақсатына жетті. Ата-аналар жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат алып, өз пікірлерін еркін білдірді. Отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы – баланың құқықтық сауаттылығы мен адал азамат болып қалыптасуының басты кепілі екені атап өтілді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



