Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Мемлекетті алдау: субсидиядағы алаяқтық қалай жүзеге асады

  • Главная
  • Мемлекетті алдау: субсидиядағы алаяқтық қалай жүзеге асады
Мемлекетті алдау: субсидиядағы алаяқтық қалай жүзеге асады 20.11.2026

Мемлекетті алдау: субсидиядағы алаяқтық қалай жүзеге асады

Мемлекет мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға жыл сайын миллиардтаған теңге бөледі. Алайда бұл қаржы кейде діттеген жеріне жетпей қалады. Кейбіреулер қағаз жүзінде ғана бар малды, ешқашан себілмеген егістікті көрсетіп, бюджеттен ақша алады да, оны жеке қажетіне жұмсайды. Мемлекеттік қолдауды кімдер және қалай теріс пайдаланып жүр? Оның зардабын кім тартады: қолдау күткен адал шаруа ма, әлде салық төлеуші қарапайым халық па? NoFake.kz  зерттеді.

Алаяқтық туралы сөз болғанда, көз алдымызға көбіне қаскөйдің сөзіне сеніп, ақшасынан айырылған адам келеді. Ал мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуға бөлген қаржысын жалған мәліметпен иемдену немесе оны мақсатсыз жұмсау ше? Бұл да алаяқтық. Тек мұнда жәбірленуші жеке бір адам емес, бүкіл қоғам.

Мал басын көбейтуге, өнім өндіруге, жаңа технология енгізуге арналған субсидия біреудің жеке үйіне не қымбат көлігіне айналса, оның зардабын бірнеше тарап қатар тартады. Ең алдымен, мемлекеттен қолдау күтіп отырған адал шаруа. Субсидияға бөлінетін қаржы шексіз емес, сондықтан заңсыз алынған әр теңге нақты жұмыс істеп жүрген фермерге жетпей қалады. Одан кейін салық төлеушілер, өйткені бюджет ақшасы халықтың ақшасы. Соңында қарапайым тұтынушы. Қағаз жүзінде ғана өскен мал етке, жоқ егістік астыққа айналмайды. Ішкі өндіріс дамымаса, дүкен сөресіндегі баға да, импортқа тәуелділік те арта береді. Одан қалды субсидия төңірегіндегі жандал мемлекеттік қолдау бағдарламаға деген сенімді де әлсіретеді.

«Субсидия бергенде алдын ала жоспар жасалады. Малдың санын немесе өнім көлемін көбейтеміз дейді. Соған ғалымдар зерттеу жүргізеді, қанша қаражат қажет екенін есептейді. Ақша бөлінеді. Ал жымқырылған ақшаның нәтижесі қайда? Нәтиже жоқ. Екіншіден, халық оның пайдасын көрмейді. Үшіншіден, жастарымыз мұны көріп, осындай жолмен ақша табу оңай екен деп ойлауы мүмкін. Мұны да ұмытпауымыз керек», – деді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев.

Яғни, сарапшының сөзінше, мемлекеттік қолдауды заңсыз табыс көзіне айналдыру қоғамда «еңбек етпей-ақ пайда табуға болады» деген көзқарасты қалыптастыруы мүмкін. Өйткені мұндай жағдайда бюджет қаржысы шаруашылықты дамытуға емес, жеке қажеттілікті өтеуге жұмсалады.

«Бұның түбі масылдыққа әкеледі. Адам жұмыс істемей, аспаннан түскендей ақша алады да, өз пайдасына жұмсайды. Қарасаңыз, көлік алу, үй салу, той өткізу дегендей», – деді Мэлс Семғалиев.

«Жеке қажеттілікке» қатысты нақты мысал да бар. Қаржылық мониторинг агенттігі қазанда Батыс Қазақстан облысындағы бір істі хабарлады. Тергеу нұсқасына сәйкес, бір кәсіпкер су үнемдейтін суару жүйесін салдым деп жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілерін ұсынған. Субсидия өзі бақылайтын серіктестіктердің шотына түсіп, кейін қолма-қол шешілген. Сома 251 млн теңге, ал оның бір бөлігін тұрғын үйге жұмсаған.

«Санда бар, санатта жоқ»: жоқ малға субсидия қалай алынады?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің редакцияға берген мәліметі «қағаздағы малдың» қалай ақшаға айналатынын көрсетеді. Солардың бірі Ақмола облысындағы іс. Тергеу материалына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы ветеринария қызметінің лауазымды тұлғасымен бірігіп, ақпараттық жүйеге 57 асыл тұқымды бұқа бар деген жалған мәлімет енгізген. Соның негізінде бюджеттен 9 млн теңге субсидия алынған. Кейін сол жалған деректер іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс үшін тағы 17 млн теңге алуға негіз болған. Мұнымен тоқтамай, аналық мал басы 3 мың басқа артық көрсетіліп, қазынадан тағы 27 млн теңге алынған. Сөйтіп, мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асқан. Ал Түркістан облысында басқа тәсіл қолданылған.

«Түркістан облысында шаруашылықтардың бірінде 440 бас ірі қара мен 5 088 бас ұсақ мал туралы мәлімет заңсыз пайдаланылған. Бұл жануарлар басқа адамдарға тиесілі болған немесе бұған дейін сатылған. Анықталған фактілер бойынша мемлекетке келтірілген жалпы залал 271 млн теңгені құрады», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Осылайша, ведомство келтірген екі өңірдегі заңбұзушылықтардан мемлекетке келген шығын 321 млн теңгеден асады. Бірақ мұндай схемалардың зияны жоғалған ақшамен ғана өлшенбейді. Ақмоладағы мысалдың өзі соны көрсетеді. Бұл қаржы асыл тұқымды мал өсіруге, табынның сапасын арттыруға арналған еді. Алайда қағаздағы бұқа төл бермейді, жүргізілмеген селекция малдың тұқымын жақсартпайды. Яғни мемлекет ақшасын төлеп, күткен нәтижесін ала алмады.

Оның үстіне жалған дерек статистиканы бұрмалайды. Ақпараттық жүйеде жоқ мал «бар» болып тұрғанда, саланың нақты жағдайын бағалау да, алдағы жылдарға қолдауды дұрыс жоспарлау да қиындайды. Президент Жолдауында дәл осы қауіпке назар аударған еді. Ал 321 млн теңге екі өңірде анықталған фактілер ғана.

Сарапшының айтуынша, кейбір жағдайларда мемлекеттік қолдаудың заңсыз бөлінуіне лауазымды тұлғалар да ықпал етуі мүмкін. Оның пікірінше, мәселе жалған құжат ұсынған шаруашылықтармен ғана шектелмейді. Оның бір ұшы субсидия бөлу талаптарының қалай жасалатынында жатыр.

«Көптеген жағдайда мұндай схемалардың басында мемлекеттік қызметкерлер тұрады. Кейде бұл анық көрінеді, кейде көрінбейді. Кім пайда табады? Шаруаның да үлесі болуы мүмкін, бірақ негізгі пайда табушы шенеунік болып шығады. Ол схеманы тауып, нормативтік-құқықтық актілерге енгізеді. Субсидия бөлінген кезде қаражатты белгілі бір компаниялар ала береді. Ал басқа компания келгенде, түрлі кедергі жасап, қосымша құжаттар талап етіп, бәсекелестерін ығыстырады», – деді Мэлс Семғалиев.

Сонымен бірге маман нақты лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетке қатысы бар-жоғы әр іс бойынша тергеу мен сот барысында анықталуы тиіс екенін ескертті.

Алаяқтықтың алдын алу мүмкін бе?

Министрлік редакция сауалына берген жауабында 2025 жылы малды есепке алу жүйесі жаңартылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұл өзгерістер бұрын анықталған алаяқтық схемалардың алдын алуға бағытталған.

«Енді төлді тіркеу кезінде оның енесінің сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсету қажет. Бұл малдың шығу тегін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жануардың иесін ауыстыру SMS арқылы расталады. Биологиялық жас шегінен асқан немесе бір жыл бойы ветеринариялық өңдеуден өтпеген малды тіркеуге шектеу қойылды. Қолда бар ақпарат бойынша, осы өзгерістер енгізілгеннен кейін осыған ұқсас заңбұзушылықтар тіркелген жоқ», – деп хабарлады министрлік.

Бұдан бөлек, ведомство мемлекеттік қолдаудың жекелеген бағыттарын қайта қараған.

«2025 жылы аналық мал басымен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды субсидиялау тоқтатылды. Себебі бұрын қолданылған тетіктер бюджет қаражатын негізсіз алу тәуекелдерін толық жоюға мүмкіндік бермеді», – делінген ресми жауапта.

Ал Мэлс Семғалиев цифрлық бақылаумен қатар қоғамдық қадағалауды күшейтуді ұсынады. Оның пікірінше, субсидия алған шаруашылықтар мен бөлінген қаржы туралы мәліметтер ашық жариялануы тиіс.

«Қоғам бақылауы керек. Газетке кім қанша субсидия алғанын, қанша жері, қанша малы бар екенін жариялау керек. Халық біледі ғой. Бірден «мұның бес-алты сиырынан басқа малы жоқ» немесе «жері бар деп көрсетілгенімен, ол игерілмей жатыр» деп айта алады», – деді ол.

Ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияның түпкі мақсаты – нақты өнім өндіру, мал шаруашылығын дамыту, ауылда кәсіптің өркендеуіне жағдай жасау. Ал сол қаржыны жалған құжатпен иемденіп, жеке қажетке жұмсау – мемлекетті алдау. Мұның аты – алаяқтық. Мақсатына жетпеген әр теңге бюджеттің шығыны ғана емес, іске аспай қалған мүмкіндік. Ол ашылмаған ферма, кезек күтіп қолдаусыз қалған шаруа деген сөз. Сондықтан мәселе мемлекеттің қанша қаржы бөлгенінде ғана емес, сол қаржының қаншасы шын мәнінде шаруаға, егістікке жеткенінде. Әйтпесе бөлінген миллиардтар да жоқ мал сияқты тек қағаз жүзінде қала береді.

Редакциямыз Қаржылық мониторинг агенттігіне сауал жолдап, соңғы үш жылда ел бойынша ауыл шаруашылығы субсидияларына қатысты қанша қылмыстық іс тіркелгенін сұрады. Сонымен қатар осы істер бойынша мемлекетке келтірілген жалпы залалдың көлемін және оның қаншасы бюджетке қайтарылғанын нақтылауды өтіндік. Агенттіктің жауабын алған соң, қосымша жариялаймыз.


Автор: Сания Бердиходжаева


Ақпарат дереккөзіне сілтеме: https://nofake.kz/kk/zhalghan-mal-basy-men-quzhattar-subsidiya-aludyng-zangsyz-shemalary/

Сарапшы Мэлс Семғалиев. Фото: NoFake.kz 



Возврат к списку

نيك ام وصبي sextrax.org سكس تحميل مجاني indian blackmailed sex tubanaka.mobi wap 99 com سكس مصرى من الخلف abdulaporn.info aflamk1net ang probinsyano june 10 2022 teleseryepisode.com walang kinikilingan in english xvidiods xtubemovies.info desi swinger tumblr 24 oras live streaming youtube today thepinoytv.net paano bato 7starhd.win 2 porn555.me padam padam video bangla blue film chupatube.info desilaby نيك رحاب الجمل awktec.com ام وصبى سكس لىبى green-tube.net افلم اباحية sex racket means baxtube.mobi xxx hot new image hentai comic mom hentaiset.com comic hentai online bdsm manga hentai hentaitgp.org date a live doujin افلام سكس ديوث felltube.com تعالى انيكك karala xxx com beeztube.mobi tubegalor