11.11.2026
АДАЛДЫҚ АЛАҢДА ШЫҢДАЛАДЫ. ПАВЛОДАРДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
2026 жылғы 4 қарашада Павлодар ауданының Заря ауылында толық көлемді футбол алаңында жастардың басын қосқан спорттық шара өтті. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының бастамасымен «Жастардың құқықтық тәрбиесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту.
Спорттық шараға Павлодар қаласының «Ақбет» футбол клубының өкілдері мен студент жастар қатысты. Алаңға шыққан әрбір ойыншы тек жеңіс үшін емес, достық, бірлік және адал ойын үшін бақ сынасты.
Футбол – бұл тек жай ойын емес. Бұл – ережеге бағыну, командаға сену, қарсыласты құрметтеу, жеңіске адал жолмен жету. Дәл осы құндылықтар өмірде де, құқықтық мәдениетте де ең басты орын алады. Алаңда әділ ойнаған жас, өмірде де әділ болады.
Іс-шара соңында «ЖАҢАРУ» бірлестігі Павлодар облыстық филиал директорының орынбасары Жанат Сарбасов қатысушыларға ұйым атынан былғары доп табыстап сәттіліктер тіледі.
Адал ойын – адал өмірдің бастауы!

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі