05.11.2026
ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚОРҒАУ – БОЛАШАҚТЫ ҚОРҒАУ
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығында өте өзекті әрі маңызды тақырыпқа арналған мемлекеттік мекемелер өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Жастардың құқықтық тәрбиесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің тақырыбы – «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, педагогикалық әдеп және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты ҚР заң талаптары». Бұл мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйым, педагогтер, ата-аналар мен жастардың ортақ диалог алаңы болды. Өйткені баланың қауіпсіздігі – бір мекеменің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Аталған іс-шараға спикер ретінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қызылорда қалалық филиалы директорының орынбасары Балтабек Ерсұтан Нағашыбекұлы қатысып, қатысушыларға жан-жақты жоба аясындағы іс-шаралардың мақсаты туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар кездесуге №4 облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің әдіскері Алдунгаров Валихан Аблаевич және Қызылорда қалалық полиция аға лейтенанты Рыспеков Данияр Болатбекұлы қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар қауіпсіздігі мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа, қысымға, әдепсіз қарым-қатынасқа жол беруге болмайтынын атап өтті. Баланың құқығы бұзылған жағдайда қайда, кімге, қалай жүгіну керегі нақты түсіндірілді. Полиция өкілі ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілік түрлеріне тоқталып, ата-аналарға балалармен ашық сөйлесу, сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын жеткізді. Жиынға 30-ға жуық жастар мен ата-аналар қатысып, өз пікірлерімен алмасты, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Кездесу ашық диалог, өзара сенім жағдайында өтті.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ балалар үшін қауіпсіз, әділетті және адал орта қалыптастыруға ықпал етеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі