05.11.2026
ПАВЛОДАРДА ЖАСТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Павлодар қаласында мемлекеттік мекеме өкілі «Павлодар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Рахимова Айсана Серікқызымен кездесу өтті. Іс-шараны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Павлодар облыстық филиалының жетекшісі Елгонденов Саят Шалқыбекұлы «Жастардың құқықтық тәрбиесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын дамыту мәселелері және жоба аясында Павлодар қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы университетінде құрылған «Жастардың мінез құлқын зерттеу» зертханасының жұмысы туралы талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар бастамаларды қарастыру және ұсынымдар ұсынылды:
· оқу орындарында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасақтарын құру;
· «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» қозғалысын дамыту;
· мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу;
· әлеуметтік бейнероликтер, пікірталас және тақырыптық іс-шаралар байқауларын ұйымдастыру;
· жастар көшбасшыларын адалдық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарын насихаттауға тарту.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыруға жастарды тартуға ерекше назар аударылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


