12.10.2026
Спорт – адалдықтың алаңы
2026 жылғы 9 қазанда Түркістан қаласының Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында спорттық шара өткізілді.
Жарысты «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы мен Колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байсейт Нұрбол, АӘД және дене шынықтыру бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және футбол ойынын насихаттау, сонымен бірге олардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру. Жастар арасында спорттық-жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс жоғары деңгейде, тартысты өтті. Студенттер футбол алаңында өздерінің шапшаңдығын, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Сонымен қатар жадынамалар таратылып, ақпараттық та мәліметтер берілді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.
Өз кезегінде «ЖАҢАРУ» РҚБ Түркістан облыстық филиалы директоры Ғ.Қ. Рысбеков жастардың құқықтық сауаттылығы – сыбайлас жемқорлықсыз қоғамның басты кепілі екенін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға алғыс білдірді.
Мұндай тәрбиелік және спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі