09.10.2026
ЖАСТАР ЖӘНЕ ЗАҢ: ҚОҒАМДАҒЫ ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК!
2026 жылғы 1 қазанда тамызда Жезқазған гуманитарлық колледжінде «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «Жастар және Заң: қоғамдағы және күнделікті өмірдегі мінез-құлық мәдениеті мен жауапкершілік» тақырыбында сұхбаттасу форматында дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздерін түсіндіру және парасаттылық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу арқылы жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыру.
Сұхбаттасу іс-шарасының спикері – жоба жаттықтырушысы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Ұлытау облыстық филиалының директоры Таубагүл Алданьязов болды. Іс-шара барысында Ұлытау облысы Полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің (ОДН) қызметкері Үсенбаева Акмарал Орысбаевна, Жезқазған гуманитарлық колледжі директорының орынбасары Шауенова Гульсим Абикеновна және Қазақстан Халық партиясының Ұлытау облыстық филиалының директоры Бакырбаев Оразалы Базарұлы қатысып өз ой пікірлерімен алмасты.
Шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығы, қоғамдағы мінез-құлық мәдениеті, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдарына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан мазмұнды жауап алды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі