06.10.2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында Ақтау қаласында мектеп оқушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру дәрісі өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және қоғамда адалдық пен парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Кездесуге «ЖАҢАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы, «Шуағыңды шаш» ҚБ төрайымы Шамшадинова Арайлым Аманкелдіқызы, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қажымұқан Қалибайұлы қатысты.
Дәріс барысында спикерлер оқушыларға: Адалдық, әділдік, парасаттылық дегеніміз не? Заң талаптарын сақтау не үшін маңызды? Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуына қандай кедергі келтіреді? Әр азаматтың, оның ішінде оқушының да жемқорлықтың алдын алудағы жауапкершілігі қандай? - деген сауалдарды жан-жақты түсіндіріп, өмірден нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, жастарға мектеп қабырғасынан басталатын адалдық – үлкен өмірдегі әділетті қоғамның кепілі екені айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алуда әр азаматтың рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Адал ұрпақ – әділетті қоғамның негізі!

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі