26.08.2026
Орталық жоба кеңсесінің III тоқсандағы отырысы өтті.
Ағымдағы жылы 25 тамыз күні Астана қаласындағы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық жоба кеңсесінде кезекті отырыс жиын өтті.
Жиынның негізгі күн тәртібінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында III тоқсанда атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді қарастыру, алдағы уақытта өткізілетін жоспарлы іс-шараларды талқылау, өңірлердегі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеу қарастырылды.
Іс-шараға бірлестіктің Төрағасы – М.З. Семғалиев, бірлестіктің құрметті төрағасы, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері – О.Ә. Әбдікәрімов, «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі төрағасының орынбасары, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Б.Б. Мамраев, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, бірлестіктің кеңес мүшесі Д.Қ. Мыңбай және «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының жетекшісі, жоба менеджері – Қ.Х. Әлиев және бірлестіктің басқа да белсенділері қатысты.
Жиналыста жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында III тоқсанда атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер мен түсіндіру жұмыстарының тиімділігі бағаланды. Сауалнамалар мен мониторинг нәтижелері қарастырылып, жастардың құқықтық сауаттылық деңгейінің динамикасы назарға алынды. Алдағы іс-шаралар жоспары бекітілді және олардың тек есеп үшін емес, жастардың санасына әсер ететіндей интерактивті форматта өтуіне баса назар аударылды.
Өңірлердегі жауапты тұлғаларға жастармен жұмыс істеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттауды күшейту жүктелді. Ұйымдастырушыларға алдағы іс-шаралардың кестесін қатаң сақтау, ақпараттық-түсіндіру материалдарын (жадынамалар, буклет, брошюралар) дайындау және оларды жастар арасында кеңінен тарату тапсырылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі