09.07.2026
Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығының жас өкілдерімен тренинг
«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Ұлытау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресуге негізделген нақты азаматтық ұстаным қалыптастыру, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, адалдық пен әділдікті насихаттау.
Ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараны спикер, жоба тренері «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Ұлытау облыстық филиалының директоры Альданьязов Т.Т. өткізді. Өз сөзін Президент үндеуімен «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды», - деп тәмамдады.
Тренинг нәтижелі өтті, сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздері, жас ұрпақтың ұсынымдары, азаматтық ұстанымдары мен көзқарастары, «Адал азамат» ұғымы қызу талқыға түсті. Жастар өз сауалдарына жауап алып, жаңа ақпараттармен танысты.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі