10.06.2026
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – жастардың қолында!
2026 жылғы 3 маусымда Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінде «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында диалог алаңы өтті. Оған «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры Игорь Геннадьевич Плюснин және Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақмарал Қаламбай қатысты.
Кездесу барысында Игорь Геннадьевич «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасын таныстырып, құқықтық мәдениеттің, адалдықтың, әділдіктің және азаматтық жауапкершіліктің сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамды қалыптастырудағы маңызы туралы айтып берді. Құқықтық мемлекет құрудағы жастардың рөліне және әрбір адамның заңдылық пен парасаттылықты таңдауының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкері Ақмарал Қаламбай студенттерге әкімшілік және қылмыстық заңнаманың талаптарын, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен белгіленбеген жерлерде шомылу үшін жауапкершілікті еске салды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, шақырылған мамандардан құзыретті жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі