01.06.2026
«Орталық жоба кеңсесінің» - кезекті отырысы өтті.
28 мамыр 2026 жылы Астана қаласындағы «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Орталық жобалық кеңсесінде» - «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында өңірлерде өткізілген шараларға талдау жасалған ауқымды жиын өтті.
Іс-шараға бірлестіктің Төрағасы – Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы, бірлестіктің құрметті төрағасы – Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов, төрағаның орынбасары, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, бірлестіктің кеңес мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай және «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының жетекшісі, жоба менеджері – Қабдолла Хамитұлы Әлиев және жобалық бейне жасаушы қызметкері Сералиев Сержан Сабитбекұлы т.б. бірлестік белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлерде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, нәтижелері талданды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды, алда жүргізілетін жұмыстарға шолу жасалып кеңес тұрғысынан өткізілетін шараларға ұсынымдар берілді. Бірлестіктің жұмысын әрі қарай дамыту, жастарды жобаға белсенді қатысуға тарту жолдары талқыланды.
Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттарына тоқталып, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын ерекше атап, жобаны өтуіне оң баға беріліп , сәттіліктер тіледі.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі