30.05.2026
«Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, педагогикалық әдеп және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты ҚР заңнамалары» тақырыбында кездесу семинары өтті.
2026 жылдың мамыр айында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығында ата - аналардың қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, педагогикалық әдеп және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты ҚР заңнамалары» тақырыбында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында күні “ЖАҢАРУ” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” РҚБ Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастыруымен ата- аналармен кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің әдіскері Алдунгаров Валихан Аблаевич спикер ретінде қатысып, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Қызылорда қалалық филиалы директорының орынбасары Балтабек Ерсұлтан Нағашыбекұлы және полиция аға лейтенанты Рыспеков Данияр Болатбекұлы қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Шара аясында насихат флаер,буклет парақшалары таратылды.
Жиынға 30-ға жуық жастар мен ата-аналар қатысып, өз пікірлерімен алмасты.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі