15.05.2026
«ПАРАСАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»
Атырау облысы Әділет Департаменті мен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымныың негізі» атты жобасы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Экономика және құқық» факультеті - «Құқық қорғау қызметі» ББ студенттеріне семинар -тренинг өтті.
Семинар – тренингтің спикерлері Атырау облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас мамандары Б.Е.Сапанова және Д.Б.Кисина өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері: Мемлекеттік қызмет пен қоғамдық ортада ашықтықты нығайту; қатысушылардың құқықтық білімін жетілдіру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдарын талқылау; қоғамда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері туралы жан-жақты ақпарат алып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсінді. Іс-шарада адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған пікір алмасулар жүргізілді. Жемқорлыққа қарсы насихат парақшалары таратылды.
Нәтижесінде қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді атсалысу қажеттігін атап өтті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі