28.04.2026
«ЗАҢ мен ТӘРТІП» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
2026 жылдың 8 сәуір күні «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қызылорда облыстық филиалымен Қызылорда қалалық полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырған «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «ЗАҢ мен ТӘРТІП» тақырыбында «Мұз айдыны» спорт кешенінде тағылымды кездесу өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және жаңадан шыққан заңды таныстыру.
Іс-шараға № 4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушылары, ата-аналары, жаттықтырушылары, қызметкерлері қатысты.
Жиында профилактикалық жұмысты үлестіру басқармасы бөлім бастығы полиция подполковнигі Әбілғазиев Б.А., Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел өкілі полиция капитаны Ахметов А.Т., Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Нағыметов Қ.Ғ. «Заң мен Тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізіліп құқықтық сауаттылық негізінде кеңестерімен бөлісті. Іс шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ -гі Қызылорда қалалық филиалының директоры Серік Досманбетов қатысып отырды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі