24.04.2026
ЖАҢАРУ АРҚЫЛЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ
Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – әділетті қоғам құрудың негізгі алғышарттарының бірі. Әр азаматтың заң талаптарын білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі қоғамдағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Осы бағытта «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалы тарапынан «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында жүйелі түрде іс-шаралар атқарылуда. Филиал тарапынан жастар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Аталған жұмыстар аясында арнайы дәріс ұйымдастырылды.
Басты спикер ретінде «Шәкәрім университеті», «Тілдік коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының PhD докторы Толысбаева Алия Дюсеновна дәріс оқыды.
Іс-шараға Семей, Аягөз қалалары мен аудандардан келген мемлекеттік қызметшілер мен жастар қатысты. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, заң талаптары, сондай-ақ әр азаматтың жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттармен танысты. «Шәкәрім университеті», социологиялық талдау орталығының координаторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, құқықтанушы Газизова Назигул Слямболовна да жастар алдында өз ой пікірлерімен алмасты. Шара барысында жемқорлыққа қарсы насихат парақшалары таратылды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда заң үстемдігін нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі