САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАЙЫҚ!
07.04.2026.ж. «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-гі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымының негізі» атты жобасы аясында Шымкент қаласының М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде студенттер арасында футбол спорт ойындарынан жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты – құқықтық сауаттылық, жастардың салауатты өмір салтын ұстануға баулу арқылы бұқаралақ спортты дамыту, жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру, жастар арасында спортқа деген қызығушылығын арттыру, икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Жарыс соңында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-ің Түркістан және Шымкент қалалық филиалдарының директоры Досалиев Қанатбек Балтабайұлы - сөз алып өз ақыл кеңесімен бөлісіп, шара барысында анықталған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы мақтау қағаздары мен медальдармен марапаттады. Қатысушыларға жоба аясында дайындалған насихат парақшалары табысталды.
Спорттық іс-шараның марапаттау рәсіміне М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің директоры Өтегенов Мұсахан Калаубекұлы және колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбеков Асқар Жарқынбекұлы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясында өткізілген осындай спорттық турнир жыл сайынғы дәстүрлі додаға айналмақ.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі