31.03.2026
«Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі» жастарымен кездесу.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты арнайы әлеуметтік жоба аясында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға «Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі» жастары қатысып, оларға арнайы дәріс оқылды.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын насихаттау болды.
Шараның негізгі спикері ретінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының жетекшісі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Елғонденов Саят Шалқыбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, қоғамдағы адалдық құндылықтарын нығайту және әр азаматтың жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі