14.02.2026
Студент жастар – жемқорлыққа қарсы!
2026 жылдың 12 ақпанында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірге М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттерімен кездесіп, «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбы бойынша семинар ұйымдастырылды. Шараға Тараз қалалық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Әсел Жапарова, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкері Нұрзат Амангелді және «ЖАҢАРУ» филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша жастарға дәріс беріп, өз ойларымен бөлісті.Кездесу барысында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттің саясаты, заңнамасы, «Заң және тәртіп» қағидаты, жастардың құқықтық сауаттылығы, қауіпсіздігі мен тәртібі туралы кең көлемде әңгіме қозғалды. Сыбайлас жемқорлық халықаралық рейтингі бойынша Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылғы 88 орыннан төмендеп, 2025 жылдың қорытындысымен 96 орынға орныққаны туралы сөз болды. Сонымен қатар студент жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда адалдық пен парасаттылық, заң үстемдігін сақтау, құрметтеу қағидаларымен қоса, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, отансүйгіштік пен мейірімділік, еңбекқорлық пен білімге деген құштарлық, адамгершілік сияқты құндылықтарды дәріптеу маңызды екені айтылды.
Адал еңбек пен адал табыс табу, таңдаған мамандықтың жемісін көру, алға қойған мақсатқа қалай жету туралы Әсел Әбілханқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, әңгімелеп берді.
Кездесуге қатысқан студент жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендеріне, адалдық жолын таңдағандарына риза боп қайттық.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі





