11.02.2026
«БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-ің орталық кеңсесінде «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдерімен кездесу өтті.Кездесуге «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы, құрметті төраға Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы, бірлестік белсенділері және «Байтақ» жасылдар партиясының атынан төрағасы Әміртай Азаматхан Сайлауұлы, орынбасары Есин Данияр Нурашұлы, партия қызметкерлері қатысып, Қазақстан қоғамының өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


