Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Жеңістің 80 жылдығы: Павлодарда ардагерге құрмет көрсетілді

  • Главная
  • Жеңістің 80 жылдығы: Павлодарда ардагерге құрмет көрсетілді
Жеңістің 80 жылдығы: Павлодарда ардагерге құрмет көрсетілді 08.05.2025

Жеңістің 80 жылдығы: Павлодарда ардагерге құрмет көрсетілді

    Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі Павлодар облысының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Григорашты мерекемен арнайы барып құттықтады.
    Биыл ардагер 99 жасқа толып отыр.
    Құрметті ардагерді «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының директоры Саят Елгонденов арнайы барып құттықтады.
    Василий Иванович 17 жасында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Забайкал округінің 293-дивизиясы құрамында аға сержант шенінде бөлімше командирі болып соғысты. Соғыстан кейін депода от жағушы болып еңбек жолын бастады. Бірақ ол мұнымен шектелмей, кешкі мектепті, техникумды аяқтады, тепловоз машинисі мамандығын игеріп, зейнетке шыққанға дейін темір жол саласында табанды еңбек етті.
     Бірлестік өкілдері ардагерге соғыс  жылдары жасаған ерлігі үшін алғыс айтып, атамызға зор денсаулық тіледі.

“ЖАҢАРУ”баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2025-05-08 at 20.11.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-08 at 20.11.42 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-05-08 at 20.11.40.jpeg


WhatsApp Image 2025-05-08 at 20.11.41.jpeg




Возврат к списку