Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

«Жаңару» РҚБ төрағасы орынбасары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетініде өткен танымдық кездесуге қатысты

  • Главная
  • «Жаңару» РҚБ төрағасы орынбасары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетініде өткен танымдық кездесуге қатысты
«Жаңару» РҚБ төрағасы орынбасары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетініде өткен танымдық кездесуге қатысты 28.11.2024

«Жаңару» РҚБ төрағасы орынбасары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетініде өткен танымдық кездесуге қатысты

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Қазақстанның Еңбек Ері, өнертанушы, композитор, профессор Илья Жақановпен «Сәкеннің сазды әлемі» атты әдеби-танымдық кездесу өтті.

Танымдық шараға Ғылыми кеңес мүшелері, оқытушы-профессорлар, студенттер мен арнайы шақырылған қонақ Илья Жақановтың аяулы жары Тиыш Әлтайқызы, «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы қатысты.

Илья Жақанов - 200-ден астам ән жазған танымалкомпозитор, жазушы, көсемсөз шебері, дарынды суретші, қазақтар мекендеген шет мемлекеттерді аралап, қазақтың музыкалық мұраларына қатысты деректерді жинаған этнограф, аудармашы ғалым.

«Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы мен мемлекеттік-қоғамдық еңбегі түрлі кезеңдерде зерттелді. С.Сейфуллиннің шығармашылығын зерттеушінің бірі - Илья Жаканов ағамыз өнертанушы ретінде қазақтың көптеген сал-серілерінің өмірін, әндерінің шығу тарихын зерттеп, еңбектер жазды. Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, деректер жинап, халықпен кездесіп, сал-серілер өмірі бойынша тың ақпараттарды оқырмандарға жеткізді», - деді басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов құттықтау сөзінде. Сондай-ақ, басқарма төрағасы-ректор Атырау облысын су тасқынынан қорғау шаралары кезінде студенттерге үлгі-өнеге көрсетіп, бөгет салу жұмысына қатысқан Илья Жақановқа ҚР Ғылым және ақпарат министрі Саясат Нұрбектің арнайы жолдаған алғыс хатын табыстады.

Директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Бейбіт Мамраев кіріспе сөз сөйлеп, ғалымға С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған төсбелгіні «С.Сейфуллин қоры» атынан табыс етті.

Профессор Илья Жақанов С.Сейфуллиннің күреспен өткен өмір жолын сөз етіп, бірегей туындыларының тарихын баяндап берді. Алаштың асылдарын ұмытпай, дәріптеу мақсатындағы шара ұйымдастырған университет ұжымына ризашылығын білдірді.

Атырау облысының Құрметті азаматы, Илья Жақановқа арналған «Қазақ романсының патшасы» кітабының авторы, ақын, профессор Қадыр Жүсіп, Атырау университетінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шахман Нағимұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Иманғалиев бастаған университеттің ардагерлері естеліктерімен бөлісті.

Әдеби-танымдық кездесу барысында Қазақстанның мәдениет қайраткері Маржан Төреханова композитордың төл әні «Еділ мен Жайықты», Музыка және өнер кафедрасының меңгерушісі Ақкенже Шаужанова Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін нақышына келтіре орындады.

«Қазіргі қоғам моральдық абыройлы тұлғаларды керек етеді. Осындай танымдық кездесулерді алға қарай студент жастар өздері ұйымдастыруы керек», - деді профессор Бейбіт Баймағамбетұлы қорытынды сөзінде.

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің

Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-11-28 at 12.38.59.jpeg


WhatsApp Image 2024-11-28 at 12.38.58 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-28 at 12.38.58 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-28 at 12.38.58.jpeg


WhatsApp Image 2024-11-28 at 12.38.59 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-28 at 12.38.57.jpeg




Возврат к списку

نيك ام وصبي sextrax.org سكس تحميل مجاني indian blackmailed sex tubanaka.mobi wap 99 com سكس مصرى من الخلف abdulaporn.info aflamk1net ang probinsyano june 10 2022 teleseryepisode.com walang kinikilingan in english xvidiods xtubemovies.info desi swinger tumblr 24 oras live streaming youtube today thepinoytv.net paano bato 7starhd.win 2 porn555.me padam padam video bangla blue film chupatube.info desilaby نيك رحاب الجمل awktec.com ام وصبى سكس لىبى green-tube.net افلم اباحية sex racket means baxtube.mobi xxx hot new image hentai comic mom hentaiset.com comic hentai online bdsm manga hentai hentaitgp.org date a live doujin افلام سكس ديوث felltube.com تعالى انيكك karala xxx com beeztube.mobi tubegalor