Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Жанықұл медициналық колледжінде іс-шара өткізілді

Жанықұл медициналық колледжінде іс-шара өткізілді 23.10.2024

Жанықұл медициналық колледжінде іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде Жанықұл медициналық колледжінде іс-шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкері Әбдісалам Алдиярұлы іс-шараны жүргізіп отырды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық үнпарақтар таратылды.
Жиынға «ЖАС ҚЫРАН» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиал төрағасы Бақдәулет Сансызбайұлы, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Абенова Эльмира, Жетісай АПБ ЖПҚ аға инспекторы аға лейтенант Насирбаев Нұрдәулет қатысты.
Кездесуге 70-тен аса адам қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиын соңында жастар тарапынан түскен ұсыныстар қабылданды.

Возврат к списку