Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Маңғыстау азаматтарының топан судан зардап шеккендерге қамқорлық шаралары

  • Главная
  • Новости
  • Маңғыстау азаматтарының топан судан зардап шеккендерге қамқорлық шаралары
Маңғыстау азаматтарының топан судан зардап шеккендерге қамқорлық шаралары 24.04.2024    Маңғыстау облыстық Қоғамдық Штаб төрағасының орынбасары “Жаңару” РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директоры Д.Үсіпбаев Атырау қаласынан келіп облыстық оңалту  орталығына  орналасқан мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен  кездесіп, жай-күйлерімен танысты.

   Кездесу барысында Д.Үсіпбаев тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Аталған эвакуациялық пунктке 142 адам тіркелген.
Тұрғындар эвакуациялау жұмыстарын үйлістіріп жатқан
әкімдікке және қоғамдық штаб мүшелеріне алғысын білдірді.

   Айта кетейік, Оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық талаптар жасалған. Яғни,  жаттығу залы,ойын алаңы, асхана, медициналық пункт, кір жуу бөлмесі және демалыс бөлмелері бар.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 21.07.10.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-24 at 21.07.10 (3).jpeg


Возврат к списку