Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! 15.11.2023

Құрметті Қасымхан Естемесұлы!

       Сізді 75 жас туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!
       Біз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді жетекші ретінде құрмет тұтып сыйлаймыз. Сіздің қазіргі кезде «ЖАҢАРУ» РҚБ қызметкері ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырып жатқан іс-шараларыңыздың рөлі өте зор. Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!

Абырой, беделіңіз биікке өрлеп,
Бақ, дәулет- қуанышпен қатар келсін.
Халық үшін жасаған игі ісіңіз,
Шамшырақтай жарқырап жана берсін!

«ЖАҢАРУ» РҚБ ұжымы


Возврат к списку