19.10.2023
2023 жылғы 18 қазан күні Мәдениет және ақпараттандыру министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Полиция департаментімен бірлесіп «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобаның шеңберінде Ә.Қастеев атындағы “Өнер және дизайн” колледжі мен “Жол-көлік” колледжі жастарымен кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында “Жас қыран” жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы” ШФҚ жетекшісі Аршабай Асылтаң Арысбекұлы, Шымкент қалалық ПД Тұран ауданы полиция басқармасының ювеналды учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Илияс Серікболсын Елдосұлы және ШҚПД Тұран АПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Тұрлыбаев Мақсат қатысып жоба тақырыбы шеңберінде Отан алдындағы парызды өтеу – әрбір азаматтың міндеті, студенттердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру маңыздылығы туралы, оның ішінде жастармен жұмыс істеу форматын өзгерту мақсатында күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану туралы ақпаратты хабарлама жасап өз ойларын ортаға салды.

“ЖАҢАРУ” РҚБ баспасөз бөлімі
