31.08.2026
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиевті қабылдады.
Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев пен Қасымхан Төлендиев өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі дамыту, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын нығайту, өңірдегі жастар саясаты сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың өзекті мәселелерін талқылады.
«ЖАҢАРУ» РҚБ облыстық филиалының төрағасы ұйымның қызметі, «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар және қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, азаматтарды құқықтық ағартуға және өскелең ұрпақты заңды сыйлауға, адалдық құндылықтарына тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық бастамаларға ерекше назар аударылды.
– «ЖАҢАРУ» РҚБ 2013 жылдан бері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға халықтың белсенді қатысуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді. Бүгінде қоғамдық бірлестіктің филиалдары еліміздің барлық өңірлері мен ірі қалаларында жұмыс істейді. Ұйымның ақпараттық ресурстары, баспа басылымы, жастар қанаты және сарапшылар тобы қалыптастырылды. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылған, – деп атап өтті Қасымхан Төлендиев.
Оның айтуынша, осы ынтымақтастық аясында өңірде бірқатар нақты жобалар мен қоғамдық бастамалар жүзеге асырылуда. Облыстық филиал халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жастар бойында заңды сыйлау мен адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған кездесулер, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын және басқа да бастамаларды өткізуде.
Өз құқықтары мен міндеттерін білетін азамат сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейжай қарамайды. Сондықтан жастарды құқықтық тәрбиелеуді тек білім беру жүйесінің міндеті ретінде ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі ретінде қарастыру қажет. «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің бұл бағыттағы қызметі халықаралық деңгейде де оң бағасын алды. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша, қоғамдық бірлестік әлемнің 190-нан астам елінен озық тәжірибесі үшін атап өтілген 17 үкіметтік емес ұйымның қатарына енді. Бұл – ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жұмысына берілген маңызды баға. Жамбыл облысында да мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестікті дамытуға басымдық беріледі. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған меморандумға қол қойдық», – деді Қасымхан Төлендиев.
Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда, сондай-ақ азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылдауда. Мұндай әріптестік қоғамдық институттардың әлеуетін тиімді пайдалануға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жақында күшіне енген жаңа Конституция талаптарына сәйкес, «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның құрамына да енді.
Кездесу соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қоғамдық бірлестіктің қызметіне оң баға беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамдық бастамалардың маңызды рөлін атап өтті.
Аймақ басшысы «ЖАҢАРУ» РҚБ-ның алдағы жұмысына табыс тілеп, заңдылық, адалдық және қоғамдық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі