25.06.2026
2026 жылғы 24 маусымда Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығында «Заң және тәртіп» республикалық тұжырымдамасын іске асыру негізінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.
Іс-шараға Теміртау қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің өкілдері, сондай-ақ «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың жауапкершілік деңгейін арттыру және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Қарағанды индустриялық университетінің базасында жұмыс істейтін «Жаңару» РҚБ-ның Қарағанды облыстық филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат серіктестік байланыстарды нығайтуға, бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ жастар арасында заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын және белсенді азаматтық ұстанымды дәріптеуге бағытталған.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі