27.02.2026
25 ақпан Тараздағы мамандандырылған ІТ – лицей интернатта «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбында семинар - тренинг өтті.
Семинарға қатысқан 45 дарынды оқушылардың алдында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры Қасымхан Төлендиев негізгі тақырып бойынша баяндама жасады.
Бас спикер өз сөзінде: Сыбайлас жемқорлықпен күресу – келер ұрпақты жемқорлықпен күресетін етіп тәрбиелеу әрбір азаматтың маңызды міндеті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру. Адалдық, парасаттылық, әділдік сияқты негізгі құндылықтарды насихаттау. Студент жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді көзқарас қалыптастыру. Адалдық, жауапкершілік және әділеттілік қасиеттерін дамыту. Құқықтық білім беру: жастасрға заңдар мен ережелерді түсіндіре отырып, әрбір адамның құқығы мен міндеттері туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қылмыс екенін және оның салдары туралы айта отырып, оларды құқық қорғау органдарының рөлімен таныстыру.
Сондай – ақ жастар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Қайрат Ақмырзаев, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокурорлары Гүлдана Дәуқараева мен Арманай Сейтбекова баяндама жасап, оқушылардың сұрақтарыгна жауап берді.
Жиынды Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің маманы Нұрзат Амангелді жүргізіп отырды. Шараға лицей – интернаттың директоры міндетін атқарушы Жанар Жангасиева мен орынбасары қатысты.
Семинар соңында оқушы жастар электрондық анкета-тестке қатысты.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

PDF: Загрузить