16.02.2026
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ - нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында жастармен кездесу өтті.
Кездесуге арнайы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы және «Жаңару» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директоры Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы қатысты.
Кездесу барысында спикерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен жариялылық қағидаттары, сондай-ақ әр азаматтың адал қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, жастар арасында парасаттылық қағидаттарын орнықтырудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Ашық форматта өткен кездесу өзара пікір алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

PDF: Загрузить