05.02.2026
5 ақпан 2026жыл. Көкшетау қаласындағы «Бурабай» колледжінде «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру» жобасы аясында колледж студенттерімен кездесу өтіп, дәріс оқылды. Іс-шараның басты спикері, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Ақмола облыстық филиалының директоры, бас спикер Игорь Плюснин өз сөзінде жастар ортасына - еліміздің болашақ мамандарының, басқарушыларының, кәсіпкерлері мен белсенді азаматтарының дүниетанымы қалыптасатын деңгейіне шығу өте маңызды деп санаймын деп атап өтті. Кездесу тақырыбы – «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» - жанды және ашық диалогты тудырды. Колледж студенттері тарапынан қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті, тікелей және кейде қиын сұрақтар қойды, алайда студент жастардың адалдыққа, ашықтыққа және әділ ойын ережелеріне деген сұранысының артуын көрсетеді. Мұндай кездесулер бір реттік іс - шаралар емес, өмір нормасы болатын ұрпақты тәрбиелеу үшін қажетті жүйелі жұмыс екеніне сенімдімін. Бүгін таңда жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыра отырып, біз болашақта сыбайлас жемқорлықсыз қоғамның негізін қалайтынымызға сенімдімін деп атап өтті бас спикер.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


PDF: Загрузить
