12.12.2025
10.12.2025ж.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Адал білім – адал ұрпақ» қағидатын іске асыру мақсатында білім беру бағдарламаларына парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге білім беру бағдарламаларына адалдық қағидаттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды жүйелі түрде енгізу мәселелері бойынша «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Төраға орынбасары, Астана қаласының білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сондай-ақ мектептердің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, ата-аналар комитеттері мен мектеп кеңестерінің өкілдері қатысып, пікір алмасты.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Ербол Жолданғар білім беру бағдарламаларында «Адал білім – адал ұрпақ» бастамасын іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, оқу орындарында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарын сақтау және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде баяндамасын ұсынды.
Іс-шара тақырыбына байланысты «Жемқорлыққа жол жоқ» атты эссе байқауында «Ынталандырушы» номинациясының жүлдегері атанған Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің 10 «Ә» сынып оқушысы Құспан Дина жастардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігі туралы жеткізе отырып, өз көзқарасымен бөлісті.
Соңында, қатысушылар пікірталас форматында білім саласындағы адалдық пен әділеттікті ұстану жөніндегі өз қолдауларын білдірді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі
PDF: Загрузить
