27.11.2025
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымының негізі» атты жобасы аясында Атырау облысының жастарына жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты – жастардың салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Спорттық шараға 200-ден астам адам қатысты. 100 м. және 1500 м.қашықтықтарда ерлер мен әйелдер арасында үздіктер анықталды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы мақтау қағаздары мен медальдар табысталды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


PDF: Загрузить
