Республиканское общественное объединение
«Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ»

Құрметті Дайрабай Мамашұлы!

04.04.2025

Құрметті Дайрабай Мамашұлы!

      «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Сізді 62 жасқа толуыңызбен құттықтайды! Еңбек жолыңызда көптеген жоғары лауазымдарда абыройлы қызметтер атқарып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы «Алтын әскер» РМК Маңғыстау филиалының директоры, «Казимпэкс-Ақтау» терроризммен, экстремизммен және басқа қылмыстармен күресуде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерге көмектесу қорының директоры, Маңғыстау облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқардыңыз. Еселі еңбегінің нәтижесінде түрлі марапаттарға ие болған Еліміздің спорт және мәдениет саласының өркендеуіне қосқан үлесі ретінде жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу тақырыбына жазылған бірнеше әндердің және «ЖАҢАРУ» бірлестігіміздің гимнің сөзін жазған авторы болдыңыз. Экономика ғылымдарының кандидаты,бүгінгі күні «ЖАҢАРУ» бірлестігіміздің Маңғыстау облыстық филиалының директоры және Кеңес мүшесісіз.

      Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

 

     Ізгі ниетпен,

   «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы                                        М. Семғалиев


Возврат к списку