
2025 жылғы 28 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық зерттеу университетінің оқытушы және студенттерінің қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, ғылым докторы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» РҚБ-ің төраға орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың қатысуымен «Университет және қоғам» тақырыбында кездесу өтті.
Ғалым өз сөзінде технологияның түбегейлі өзгеруі біздің көз алдымызда өтіп жатқан дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Болып жатқан өзгерістердің сипаты соншалықты іргелі, сондықтан әлемдік тарих мұндай дәуірде - үлкен мүмкінді ктер мен ықтимал қауіптердің уақытын білмеді.
- ХХ ғасырға дейінгі университеттік жаппай білім емес, элиталық болды. Бүгінгі таңда жоғары білім беру үрдісі университеттер мен қоғамның өзара тәуелділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Біздің университеттеріміз ұтқырлық пен дербестіктің жетіспеушілігін толтырып қана қоймай, білім мен ғылым арасындағы алшақтықты еңсеріп, сыбайлас жемқорлықты жоюы керек"- деп атап өтті Бейбіт Баймағамбетұлы.
Студенттердің назарын үлкен көлемдегі ақпаратты жүйелеу, оны сыни тұрғыдан түсіну және жаңа білім іздеу үшін пайдалану қабілетіне аударды. «ХХІ ғасырдың басындағы серпінді ғылыми жетістіктер - бұл пәнаралық зерттеулердің нәтижесі. Бұл ретте білім берудің жоғары сапасын ақпараттық технологияларды қолданбай қамтамасыз етуге болмайтыны анық. Яғни, алдағы уақыттта топырақ, өсімдіктер мен жануарлардың жағдайын бақылау үшін GPS технологияларын, дрондар мен спутниктерді қолданатын боласыздар, және де ауыл шаруашылығында пайдалану мен жасанды интеллектті енгізесіздер». Атап айтқанда топырақтың деградациясы проблемаларын шешу, су ресурстарының тапшылығы жағдайында егіншілік, климаттың өзгеруін ескере отырып, өсімдіктердің жаңа сорттары мен малдың жаңа тұқымдарын өсіру, IT технологияларды енгізу сынды тәсілдер аграрлық ғылым мәселелерінде өзекті болып отыр. Бүгінгі күні ауылшаруашылық жерлері мен жайылымдардың тиімсіз пайдаланылуы, технологиялық жағынан артта қалу жоғарыда аталған жаңа тәсілдер бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы проблемаларын шешуде үлкен қызығушылықты тудырды.
Бүгінгі таңда республикамыздағы жетекші орын алатын аграрлық университеттерінің біріндегі маңызды кездесу, студенттер мен жас зерттеушілердің оқуы мен ғылыми жобаларының өзара байланысы ауыл шаруашылығы мен ауылды жандандыруға көмектеседі деген үлкен үміт арттырады. «Пайдалы қазбалар ғана емес, әлемдік экономикадағы біздің күн тәртібімізде ауыл шаруашылығы өнімдері болуы тиіс», - деп қорытындылады өз баяндамасын профессор Б. Мамраев. Кездесу өте тартымды және жоғары дәрежеде өтті.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі.