«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді
Гендиректор РГУ «Государственный природный резерват «Бокейорда» Министерства экологии и природных ресурсов» подозревается в коррупции 30.05.2025 Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/973hlg_yJPg1SQ

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми порталы

Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/1004132?lang=kk 


Тізімге оралу