«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Кеңестің құрамы

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ СОВЕТА - СЕМГАЛИЕВ Мэлс Зайнуллинович Кеңестің Төрағасы – Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ
   
     Еңбек жолын өндірістен бастады. 
     Аудандық, облыстық, республикалық, одақтық және халықаралық деңгейде әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 
     Мемлекеттік саяси қызметші, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі ретінде және дипломатиялық қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 

АБДЫКАРИМОВ Оралбай Абдыкаримович Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ
   
     «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің Құрметті Төрағасы.
     «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
     Республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін салушы, құрылтайшысы.
     Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.
     Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (1996-1997).
     Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (1999-2004).
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2004-2007).
     Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының Төрағасы (1998-1999).
     Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің Төрағасы (1997-1998).
    «Қансонар» аңшылар және аңшылық шаруашылық субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық бірлестігінің Құрметті Төрағасы.
     Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 
     Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
     Қазақстан Республикасының 1-дәрежелі «Барыс» және 2-дәрежелі «Барыс» ордендерімен, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың наградаларымен марапатталған. 

МАМРАЕВ  Бейбит Баймагамбетович Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ
     
      «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары.
      Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.
      VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы (2016-2021).
      Филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000), Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (2015), Еуразия халықаралық экономикалық академиясының академигі (2010).
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ғылым және білім секторының меңгерушісі (2000-2004).
       Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі (2004-2006), дипломатиялық дәрежесі бар.
        Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі.  

РАХМЕТУЛЛИН Даулеткерей Рахметуллаевич Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН
     
      «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары – «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының Директоры.
      С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі.
      Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры.
      Жезқазған қаласының прокуроры.
      Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.
      Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары.
      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аға көмекшісі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының прокуратураларындағы, Орталық көлік прокуратурасындағы Өкілі.
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің Консультанты.
       Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Бас бақылау инспекциясының Бас сарапшысы.
       Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің Мемлекеттік инспекторы.
       Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі.
       Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрметті қызметкері.
       Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Дархан Камзабекулы МЫНБАЙ Дархан Камзабекулы МЫНБАЙ
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты (2021-2023).
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі (журналист), Шымкент университетінің түлегі (экономист).
Техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын ауыл шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
Республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, теледидар) басшылық қызметте болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары, Түлкібас ауданының әкімі және осы облыста басқа да лауазымды қызметтер атқарды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде басшылық қызметте болды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып қызметтер атқарды.

АЛИЕВ Кабдулла Хамитович Қабдолла Хамитұлы ӘЛИЕВ

     «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының басшысы.
     Ақмола ауылшаруашылық институтының түлегі, зооинженер (1994), Орта Азия университетінің түлегі, заңгер (2001).
     Еңбек жолын жұмысшы болып бастады.
     Комсомолдық-партиялық жұмыста болды.
     Қазақстан Республикасының Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде жұмыс істеген.
     «Ауыл» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.

АЙТИМОВ Аксерик Сарыевич Ақсерік Сарыұлы ӘЙТИМОВ

     «ЖАҢАРУ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры.
     Орал ауыл шаруашылығы институтының түлегі, ғалым-агроном (1975)
     С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, заңгер (1987).
     Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Президенті.
      Техника ғылымдарының кандидаты, профессор.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Академигі, Вице-президенті.
      Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

ЕРИМБЕТОВ Серикбай Садыкович Серікбай Садықұлы ЕРІМБЕТОВ

     3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі.
     С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі..
     Қызылорда облысының прокуроры (1994).
     Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының соттардағы қылмыстық істердің заңдылығын қадағалау басқармасының Бастығы (1998).
      Жамбыл облысы прокурорының Орынбасары (2001).
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің Бастығы (2002).
      Ақмола облысының прокуроры (2005).
      Прокуратураның құрметті қызметкері.
      Заң ғылымдарының кандидаты.
     «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
     «Генералдар кеңесі» РҚБ президиумының мүшесі.

КОЙБАКОВ Сейтжан Мелдебекович Сейітжан Мелдебекұлы ҚОЙБАҚОВ

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры.
    Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1980), КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары курстарын (1982) бітірген.
     Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық басқармасында барлау бөлімшесінің Бастығы, терроризмге қарсы бөлімнің Басшысы (1982).
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарсы барлау бас басқармасының Бастығы (1996).
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Семей қаласы бойынша басқармасының бастығы (1997).
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облыстық басқармасының бастығы (1999).
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» арнайы бөлімшесінің командирі (2002).
     «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ вице-президенті (2013).
     Заң ғылымдарының докторы.
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының диссертациялық кеңесі төрағасының орынбасары.
     «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі.

ТОЛЕНДИЕВ Касымхан Естемесович Қасымхан Естемесұлы ТӨЛЕНДИЕВ

    «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Директоры.
     Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы ауданның Әкімі (1997-2001).
     Жамбыл облысы Тәртіптік кеңесінің Төрағасы (2001-2005).
     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі.
     Жамбыл облысы Т.Рысқұлов атындағы ауданның (2011), Жамбыл облысы Шу ауданының (2014), Жамбыл облысының (2016) «Құрметті азаматы».
     «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. 

УСИПБАЕВ Дайрабай Мамашевич Дайрабай Мамашұлы ҮСІПБАЕВ

     «ЖАҢАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының Директоры.
     Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының түлегі, заңгер (1985).
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы «Алтын-Әскер» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалының директоры (2000 -2007).
     Экономика ғылымдарының кандидаты.
     Облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.