07.09.2026
Құрметті Қайрат Қанатұлы!
Сізді мерейлі 60 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алпыс жылдық мерейтой – адамның өмір жолындағы елеулі белес, елге сіңірген еңбегі мен кәсіби жетістіктерін саралайтын айтулы кезең. Осы жылдар ішінде жинақтаған мол тәжірибеңіз бен біліміңіз, қоғамдық қызметтегі белсенділігіңіз бен азаматтық ұстанымыңыз Сізге деген зор құрметтің негізі болып табылады.
Осы айтулы күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке, қажымас қайрат және толағай табыс тілейміз. Алдағы уақытта да абыройлы қызметіңізде биік белестерді бағындырып, ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектеспіз.
Ізгі тілекпен,
Төраға М.СЕМҒАЛИЕВ
