Астана қаласының маңында әскери Ант қабылдау рәсімі өтті
2024 жылғы 21 тамыз күні Астана қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірігіп университеттің әскери кафедрасы түлектерінің әскери Ант қабылдау рәсіміне ұйымдастырды.
Салтанатты шара Астана қаласының жанындағы әскери бөлімнің территориясындағы арнайы алаңда өтті.
Әскери Ант қабылдау рәсіміне:
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы 400 түлегі;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері;
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы түлектерінің ата-аналары;
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығы;
- Әскери бөлімнің басшылығы;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділері;
- бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:
- Ерлан Бәтташұлы СЫДЫҚОВ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ректоры;
- Еділ Лұқпанұлы ОРАЗОВ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының меңгерушісі, генерал;
- Сейітжан Мелдебекұлы ҚОЙБАҚОВ, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеңес мүшесі, генерал.
Әскери Ант беру рәсімінің соңында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы түлектері өздерінің жауынгерлік өнерлерін көрсетті, «Менің Елім!» тақырыбына флешмоб ұйымдастырды.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық аппаратының басшысы Қабдолла Хамитұлы ӘЛИЕВ әскери Ант беру рәсімінен кейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы түлектеріне, олардың ата-аналарына әскери бөлімнің ғимараттарын, арнаулы техникаларын, қару-жарақтарын көрсетіп, әскерилермен «сұрақ – жауап» форматында кездесулер жүргізіп, рейд ұйымдастырды.
Кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі