Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты болып табылады
2024 жылғы 30 шілде күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ұжымы мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды.
Кесдесудің тақырыбы:
- Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты болып табылады.
Іс-шараның мақсаттары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты түсіндіру және талқылау;
- ұжымда қылмысқа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейту;
- мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету.
Бұл жиналысқа:
- Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының ұжымы;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- барлығы 25 адам қатысты.
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Шайхиев Сайын Сайынұлы отырыстың модераторы болды.
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұжымының алдында келесі спикерлер сөз сөйледі:
- Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры;
- Гүлназ Слямқызы САҒАНДЫҚОВА, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің алдын алу бөлімінің аға офицері;
- Алтыншаш Жұмашқызы ТАБУЛДИНА, Астана қаласы әкімдігі № 5 қалалық емханасының директоры, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі;
- Қанат Әскербекұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ, Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі.
Бұл кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Жиналыстың соңына қарай «сұрақ-жауап» түрінде пікір алмасу өтті, фотоға түсу ұйымдастырылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі