«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы Бұқаралық ақпарат құралдары мен болашақ журналист студенттермен кездесу өткізді.

  • ЖАҢАРУ
  • Әлеуметтік жоба
  • «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы Бұқаралық ақпарат құралдары мен болашақ журналист студенттермен кездесу өткізді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы Бұқаралық ақпарат құралдары мен болашақ журналист студенттермен кездесу өткізді. 19.06.2024

«ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы Бұқаралық ақпарат құралдары мен болашақ журналист студенттермен кездесу өткізді.

    2024 жылы 19 маусым күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен   Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай кездесу өтті.
    Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында елорданың Бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақ газеттері» ЖШС , «Нұр-Медиа» холдингі, «Бас редакторлар клубы», «ELORDA Aqparat», «Túrkistan» газеті өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
    Іс-шарада «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия халықаралық экономикалық академиясының академигі Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, ҚР ҰҚК-ң генерал-майоры, әділет ғылымының докторы «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Кеңес мүшесі Қойбаков Сейтжан Мелдебекұлы, Республикалық«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин, «ELORDA Aqparat» Бас директоры Сыдықбек Олжас Дәуренұлы, «Túrkistan» газетінің  Бас редакторы  Бауыржан Бабажанұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимұлы ИБРАГИМОВ сында қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісті.
    Өз кезегінде болашақ журналисттер - студенттер тарапынан «Заңсыз байлықтарды иемденген тұлғалардың тізімі неге жарияланбайды?», т.с.с. қызықты сұрақтар қойылып, пікір алмасулар барысында тұшымды жауаптар берілді.
    Кездесу барысында қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына қатысуы, «ЖАҢАРУ» бірлестігінің жастардың құқықтық сауаттылығын және олардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру туралы сұрақтары қаралып, «ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері мен БАҚ өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп жасайтын іс-қимылдарына байланысты идеялар мен ұсыныстар талқыланды.
    Аталған мәселелерді талқылай отырып екі жақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып болашақта  жүзеге асыру мақсаттары белгіленді. Атап айтсақ:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын құрметтеу барысында жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
- тараптар ұсынысымен бірлескен жобалар әзірлеуге, қоғамдағы өзекті міндеттерді орындау мақсатында шұғыл жұмыс топтарын құруға;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша әртүрлі іс-шараларға, конференциялар мен әлеуметтік зерттеулерге қатысуға;
- сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған әлеуметтік жағдаяттарды жоюға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге және олардың қалыптасуына белсенді ықпал етуге;
- жастар арасында құқықтық тәртіптің заңдылығын сақтауға және нығайту мақсатында жүргізілетін  іс-шараларды насихаттауға яғни меморандумның мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын ақпараттармен алмасып отыруға ниет білдірді.
    Іс -шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері қатысып отырды. Кездесу соңында шақырылған БАҚ өкілдерін мерекеге орай марапаттау рәсімі өтіп, естелік суретке түсті.


«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.57.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.59 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.10.00.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.57 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.59.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.56.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.56 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 16.26.13.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.33 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.33 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.33 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.33.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.34 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.34 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.34 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.34.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.57 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.58 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.58 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 16.26.13 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.58 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.58.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.09.59 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-19 at 13.13.35.jpeg




Тізімге оралу